Central AsianResearch Index

СЫЗЫҚСЫЗ ТҮЙІН S-БЛОК ҮШІН ИЗОМОРФТЫ S-БЛОКТЫ АЛУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА САЛЫСТЫРМАЛЫ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУЛАР ЖҮРГІЗУ

Бұл мақалада қазіргі заманғы криптографиялық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын S-блоктардың құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері қарастырылған. S-блоктар шифрлау алгоритмдерінде сызықсыздық қасиетін енгізу арқылы криптожүйелердің криптоаналитикалық шабуылдарға тұрақтылығын арттырады. Зерттеу жұмысында изоморфизм ұғымына негізделген жаңа тәсіл - изоморфты S-блоктарды құру әдісі ұсынылады. Бұл әдіс бастапқы S-блоктың криптографиялық қасиеттерін сақтай отырып, оның жаңа эквивалентті нұсқаларын алуға мүмкіндік береді. Изоморфты түрлендірулер арқылы алынған S-блоктар құрылымдық жағынан өте ұқсас, бірақ түрлі базистерде көрсетілетін жаңа бейнелеулерді қалыптастырады. Жұмыста изоморфизмнің алгебралық негіздері түсіндіріліп, изоморфты S-блоктарды алу процесі кезең-кезеңімен сипатталады. 4-биттік мысал негізінде изоморфты түрлендірудің орындалу алгоритмі егжей-тегжейлі есептеулермен көрсетілген. Нәтижесінде алынған S′-блоктың бастапқы S-блокпен салыстырылып, криптоқауіпсіздік деңгейі жағына бірдей екендігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелері изоморфты S-блоктарды пайдалану шифрлау жүйелерінің құрылымдарының әртүрлілігін арттырып, криптожүйелердің қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік беретінін көрсетілді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 142, № 1, С. 371-382
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport