Central AsianResearch Index

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЗИЯТКЕРЛІК ДЕРБЕСТЕНДІРУ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БЕЙІМДЕЛГЕН ОҚЫТУҒА ҚАЖЕТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АЛГОРИТМДЕРІ МЕН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ӘЗІРЛЕУ

Мақалада зияткерлік білім беру платформасын әзірлеу және енгізу нәтижелері ұсынылған. Дербестендіру жүйесінің негізгі жасанды интеллект модульдері сипатталған: гибридті ұсынымдық қозғалтқыш (Content-Based және Collaborative Filtering) және тапсырмалардың күрделілік деңгейін таңдауға арналған, тапсырмаға жауап беру теориясына (Item Response Theory, IRT) негізделген бейімделмелі жүйе. Модельдердің сапа метрикалары, жүктемелік тестілеу нәтижелері және REST API өнімділік көрсеткіштері келтірілген. Бағдарламалық экожүйе Kotlin/Spring Boot, Angular, Flutter және PostgreSQL технологияларын пайдалана отырып, микросервистік архитектура негізінде жүзеге асырылған. Алгоритмдердің жоғары дәлдігі (Precision@10 = 0.42, NDCG@10 = 0.58, деңгей бағасының дәлдігі = 0.85) және өнімділіктің техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігі (p95 = 380 мс, шекті мәні 500 мс) расталды.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 142, № 1, С. 172-179
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport