Central AsianResearch Index

БҰЛТТЫ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ҮШІН ТОЛЫҚ ГОМОМОРФТЫ ШИФРЛАУДЫ ЕНГІЗУДІҢ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Заманауи бұлтты есептеу жүйелер мен интернет заттары технология әлемінде маңызды рөл атқарады. Криптографияның қарқынды дамуы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етудің жаңа әдістеріне әкеледі және осындай әдістердің бірі гомоморфты шифрлау. Мақалада бұлтты есептеу жүйесін қорғау үшін гомоморфты шифрлау процесін қолдану қарастырылды. Бұлтты жүйелерде жіберілген хабарламалардың құпиялылығын қамтамасыз ету және деректерді рұқсатсыз кіруден қорғау өте маңызды. Бұлттық есептеу жүйелеріне толық гомоморфты шифрлауды енгізудің архитектуралық тәсілдерін қолдану деректерді қорғауды күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар криптография мен ақпараттық қауіпсіздіктің жаңа тәсілдерін жасауға ықпал етеді. Толық гомоморфты шифрлау контекстінде мүмкін болатын математикалық амалдарды қамтиды. Нақтырақ айтсақ, шифрлау және кері шифрлау негіздері, гомоморфизмнің негізгі математикалық қасиеттер және осы қасиеттерді Paillier толық гомоморфты тізбектердегі күрделі операцияларды қолдауға дейін кеңейту мүмкіндіктері талқыланады.Неғұрлым тиімді және қол жетімді шешімдердің пайда болуымен гомоморфты шифрлау жаңа деңгейде өңделетін деректердің құпиялылығы мен тұтастығына кепілдік береді, болашақта қорғалған бұлтты есептеу жүйелерін жүзеге асырудың кілті бола алады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 138, № 3, С. 294-301
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport