КОМПЬЮТЕРЛІК СИММУЛЯЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Мақалада компьютерлік симуляцияларды қолданудың оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлі зерттеледі. Компьютерлік симуляциялар арқылы оқушылар күрделі физикалық процестерді визуализациялап, энергия мен қуат арасындағы заңдылықтарды түсінеді. Бұл тәсіл оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдану қабілетін арттырып, зерттеушілік және аналитикалық ойлау дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, симуляцияларды қолдану оқушылардың оқу процесіне қызығушылығын арттырып, олардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Мақалада симуляциялардың тиімділігі мен оларды қолдану әдістері талданған. Бұл технологиялардың көмегімен функционалдық сауаттылықты дамыту оқушыларды заманауи қоғамның талаптарына сай дайын тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері компьютерлік симуляцияларды білім беру процесіне енгізудің маңыздылығын және олардың оқытудағы инновациялық рөлін көрсетеді.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2025 · Т. 138, № 3, С. 142-154
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport