Вестник КазАТК2025
ЕСЕПТЕУ ЯДРОСЫ ҮШІН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ (АБЖ) ТЕМІРЖОЛДАҒЫ ӘРТЕКТІ ТАСЫМАЛ АҒЫНДАРЫН ЖОСПАРЛАУ МОДЕЛІ
Бұл мақалада теміржол көлігі желілеріндегі (ТКЖ) әртекті тасымал ағындарын жоспарлаудың автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) үшін математикалық модель ұсынылған. Модель шығындарды азайту, тасымалдау уақытын қысқарту және жылжымалы құрамды (ЖҚ) оңтайлы пайдалану секілді үш өзара байланысты мақсатты функцияларға негізделген көпкритерийлі тәсілді қолданады. Бұл модельде пайдалану шығындары, вагондарды қайтару шарттарын сақтамау айыппұлдары, уақыттық және ресурстық шектеулер есепке алынған. Жаңа тәсіл ағындардың әртектілігі мен динамикалық факторларды біріктіру арқылы модельді нақты пайдалану жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2025 · Т. 137, № 2, С. 99-110
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport