Вестник КазАТК2025
ОЗОН ӨНДІРУ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТТІК ҚОНДЫРҒЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БӨЛІГІН ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ СЫНАУ
Жылу электр станциясының ағынды суларын озонмен тазартуға арналған эксперименттік қондырғы әзірленіп, сынақтан өткізілді. Бұл қондырғыға озон өндіретін электрондық жүйе орнатылды, сондай-ақ, электр өлшеу құралдары, «ОЗОН-5-200» газ анализаторы, ауа шығынын есептегіш және 0,5 литрлік тазартылатын ағынды суға арналған реактор қосылды. Тәждік тосқауыл разрядында жұмыс істейтін озонатордың электрлік және озон шығару сипаттамалары эксперимент арқылы зерттеліп, озонның өнімділігі мен меншікті энергетикалық шығымы анықталды. Сондай-ақ, ағынды суларды озонмен тазарту процесінің нәтижелері талданып, техникалық-экономикалық тиімділігі бағаланды.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2025 · Т. 137, № 2, С. 436-444
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport