ДЕРЕКТЕРДІ ТИІМДІ ӨҢДЕУ ҮШІН PYTHON ЖӘНЕ PANDAS КІТАПХАНАСЫН ҚОЛДАНУ
Бұл мақалада Python және Pandas кітапханаларын деректерді тиімді өңдеу және талдау үшін, әсіресе Интернет заттар (IoT) контекстінде қолдану қарастырылады. Python икемді және танымал программалау тілі, Ол оқылуы мен бай кітапхана экожүйесінің арқасында деректерді талдау үшін сәтті қолданылады. Pandas кітапханасы деректерді басқаруды жеңілдететін DataFrame және Series сияқты деректер құрылымдарын ұсынады. Мақалада Python және Pandas қолданудың теориялық негіздері мен практикалық аспектілері қамтылған: деректерді жүктеу мен тазалаудан бастап оларды түрлендіруге және талдауға дейін. Нәтижелерді визуализациялауды қоса, деректермен жұмыс істеу әдістерін көрсететін код мысалдарына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, бұл құралдарды IoT контекстінде қолдану нәтижелері және олардың технологияның дамуына әсері талқыланып, болашақ зерттеулерге бағыттар ұсынады. Бұл мақала деректерді талдау процестерін жақсарту және IoT шешімдерін әзірлеу үшін Python және Pandas қолданбаларын пайдаланғысы келетін деректер мамандары, талдаушылар және әзірлеушілер үшін құндылық болып табылады.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2024 · Т. 137, № 2, С. 418-426
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport