СӨЙЛЕУ СИГНАЛЫН ТАНУДАҒЫ ӘРТҮРЛІ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ШУДЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Берілген мақалада қазақ тіліндегі сөйлеу сигналын тану үшін CNN, RNN және MLP сияқты нейрондық желілердің үш түрінің тиімділігіне зерттеу жүргізілді. Ол үшін әртүрлі деңгейдегі және түрлі шуыл қосылған арнайы дайындалған мәліметтер жиынтығы қолданылды, сонымен қатар эксперименттер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, рекурентті RNN нейрондық желісі қазақ тіліндегі сөйлеу сигналын тану міндетінде CNN және MLP-мен салыстырғанда жақсы өнімділікті көрсетті. RNN акустикалық бөгеуліктер жағдайында да жұмыстың жоғары дәлдігі мен тұрақтылығын көрінді. Бұл оны қазақ тілінде сөйлеуді тану жүйесін әзірлеу үшін келешегі зор құралдардың бірі етеді. Сонымен қатар, сөйлеу сигналын тану тапсырмасындағы нейрондық желілердің өнімділігіне дикторлар санының әсері одан әрі зерттелді. Деректерді талдау- максималды тану дәлдігіне қолжеткізу үшін желіні үйретуге қажетті дикторлардың оңтайлы санын анықтауға мүмкіндік берді. Эксперименттік нәтижелерге негізделген жуықтау функцияларының есептелуі тану қатесінің дикторлар санына тәуелділігін дәлірек анықтауға мүмкіндік жасады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер қазақ тілін қоса алғанда, әртүрлі тілдерде сөйлеуді танудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу үшін маңызды тәжірибиелік мәнге ие екенін көрсетті.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2025 · Т. 137, № 2, С. 367-375
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport