Central AsianResearch Index

АВТОКӨЛІК КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ТИІМДІЛІГІН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН ЖӨНДЕУДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖҮЙЕЛІЛІК ТӘСІЛДЕМЕСІ НЕГІЗІНДЕ АРТТЫРУ

Ұсынылып отырған ғылыми мақаланың өзектілігі автомобиль көлігінің мемлекеттің Ұлттық қауіпсіздігін, қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды орынымен негізделеді. Ел экономикасының инфрақұрылымдық сипаттағы салаларында көлік саласы ерекше орын алады, себебі бұл сала басқа салалардан өзіндік технологиялық, техникалық және экономикалық ерекшеліктерімен дараланады. Жолаушылар тасымалдау саласына тиесілі күрделі мәселелер, пайдаланудағы автокөлік құралдарының жылжымалы құрамының техникалық дайындығының жеткіліксіз деңгейі мен төмен дәрежедегі инвестициялық мүмкіндіктер автокөліктермен тасымалдаушы кәсіпорындар құрылымдарындағы техникалық қызмет көрсету мен жөндеу қызметінің ерекше маңызын анықтайды. Аталған қызметтің оңтайлы жұмысын жүйелілік тәсілдемесінің негізгі қағидаттарын аталған жүйенің әрбір атқарымдық буындарының жұмыс тиімділіктерінің негізгі көрсеткіштерін пайдалану арқылы құру, автокөлік құралдарының техникалық дайындығының жеткілікті дәрежедегі деңгейін оның бүкіл өмір сүру кезеңі бойында қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 137, № 2, С. 29-37
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport