Central AsianResearch Index

КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ S-БЛОКТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Симметриялы блоктық криптожүйелерде қолданылатын S-блоктардың криптографиялық беріктігін зерттеу – шифрлау алгоритмдерін жасау және талдаудағы маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Заманауи симметриялы блоктық шифрлардағы S-блокты талдау және синтездеу саласындағы белгілі жұмыстардың көпшілігінде бульдік криптографиялық функциялардың математикалық аппараты қолданылады. Негізгі критерийлер мен тиімділік көрсеткіштері ретінде теңестірілгендік, құрамындағы бульдік функциялардың сызықсыздығы, қатаң лавиндік критерийі (SAC), Хэмминг салмағы, Хэмминг қашықтығы, автокорреляция функциясының мәні, sum-of-square indicators (SSI) мәні, t-орнықтылық қолданылады. Осыған байланысты, бұл мақалада шифрлау алгоритмінде қолданылатын S-блоктың криптографиялық беріктігінің негізгі зерттеулерінің бірі сызықсыздығы мен қатаң лавиндік критерийі (SAC) сәйкестігі тексеріліп дәлелденді. Сонымен қатар, S-блоктың сызықты және диференциалды крипталдау әдістері арқылы сенімділігі зерттелді. Зерттеу нәтижелері қазіргі криптографиялық алгоритмдердің S-блоктарымен салыстырылып, жақсы нәтиже көрсетті.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 136, № 1, С. 371-380
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport