Central AsianResearch Index

ҚОЛЖАЗБА МӘТІНІН ТАНУ ҮШІН НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТАЛДАУ

Нейрондық желілер жалпы дәстүрлі әдістерді қолданғанда пайда болатын кемшіліктерді жою үшін пайдаланады және қолмен енгізілген мәтінді өңдеудің тиімді әрі оңтайландырылған алгоритмдерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, осы саладағы нейрондық желілерді пайдалану қолданылатын тану алгоритмдерінің тиімділігін арттыру және пайдаланылған деректер көлемін айтарлықтай арттыруға алып келеді. Осыған байланысты нейрондық желілердің архитектурасын оңтайландыру - қолмен жазылған мәтінді тану контекстінде жоғары дәлдік көрсеткіштерін қамтамасыз етудің басым тәсілдерінің бірі болып саналады. Бұл мақалада қолжазба мәтінін танудың қазіргі құралдары сипатталады және әртүрлі мәселелерді шешу үшін қолданылатын нейрондық желілердің артықшылықтары сипатталады. Осыған қоса, қолжазба мәтінін тану үшін нейрондық желілердің түрлері баяндалып, нейрондық желілерде қолжазбаны пайдалану кезеңдері жайлы айтылады. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген бірнеше үлгілердің мысалдары келтіріліп, осы саладағы қиындықтар мен даму тенденциялары талқыланады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 136, № 1, С. 155-161
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport