БИОМАССАНЫ ЖАҒУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА АЛГОРИТМДЕРІН ЖАСАУ
Ғылыми жұмыс теорияға, көмір шаңының биомассамен бірге жануын зерттеу нәтижелеріне негізделген. Көбінесе отын ретінде көмірмен бірге жағылатын биомассаны, оны алдын ала ұсақтағаннан кейін пайдаланатын зертханалық станциялар мен өндірістік нысандар зерттелуде. Зертханалық станцияларда биомасса бірге жану процесінде қосымша отын ретінде газға немесе қатты түрге айналдырылды. Зерттеулер зертханалық және өнеркәсіптік ауқымда зерттеу жабдықтарын пайдалана отырып жүргізіледі, оның ішінде: жалынды басқару жүйесі әртүрлі диагностикалық алгоритмдерді талдау үшін қажетті өлшеу нәтижелерін алуға мүмкіндік берді. Диагностикалық алгоритмдер көмір шаңы мен биомассаның бірге жану процесін мысалға ала отырып, күрделі объектіні басқаруды әзірлеуге қажетті элементтер болып табылады. Зертханалық стендте және өндірістік жағдайларда жүргізілген сынақтардың нәтижесінде алынған нәтижелер гибридті нейрондық желі құрылымдарын қолдана отырып, сенімді басқаруды (робасты) жасауға мүмкіндік берді.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2024 · Т. 135, № 6, С. 92-102
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport