IP АТС ASTERISK ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ IP ЖЕЛІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Бұлынғыр логиканы Asterisk кеңейтілген конфигурациясымен біріктірудің кешенді әдісі IP желілері мен IP телефониясының қауіпсіздігі мен икемділігін айтарлықтай жақсарта алады. Бұлынғыр логиканы қолдану жүйеге өзгеретін қауіп жағдайларына динамикалық бейімделуге мүмкіндік береді, осылайша IP желісін қорғаудың жалпы тиімділігі мен сенімділігін арттырады. Бұл мақала IP желісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді әдісін қарастырады. Жұмыстың мақсаты-IP желілерінің қауіпсіздігін арттыру әдістерін зерттеу, IP желілеріндегі киберқауіптерді анықтау мен алдын алуды жақсарту үшін бұлыңғыр логика жүйесін модельдеу және Asterisk конфигурацияларын орындауға негізделінген. Asterisk параметрлерін конфигурациялау жұмыстың маңызды бөлігін құрайды. Бұл параметрлерді егжей-тегжейлі зерттеу және оңтайландыру жүйенің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Параметрлерге кіруді басқару, дауыстық трафикті шифрлау, белсенділікті бақылау және желінің қауіпсіздігіне әсер ететін басқа опциялар кіреді. Зерттеулер IP-желілердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзектілігін талдауға және тиісті әдістерді зерттеуге арналған.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2024 · Т. 135, № 6, С. 82-91
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport