AL04 ШИФРЛАУ АЛГОРИТМІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Кез келген радиобайланыс құралдары арқылы жүргізілетін келіссөздер табиғаты бойынша құпия бола алмайды, өйткені оларды мүдделі тараптар ұстап алуы мүмкін. Радиобайланысты қорғау өзекті мәселе болғандықтан, радиобайланыс жүйесін ақпаратты криптографиялық қорғау модулімен қайта жабдықтау шешімі ұсынылды, ол функционалды түрде жеке корпуста жүзеге асырылып, радиостанция мен сөйлесу түймесінің (тангента) ортасына қосылатын болады. Жасалып жатқан ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары толығымен отандық өнім болып табылады. Ақпаратты шифрлау алгоритмі мен құрылымдық шешімдер ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді және ҚР СТ 1073-2007 мемлекеттік стандарты бойынша сертификаттау үшін «ашық» болады. Ақпараттық қауіпсіздік модулі үшін жаңа шифрлау алгоритмі AL04 құрылды. Бұл жұмыста осы алгоритмнің сипаттамасы және оның криптографиялық қасиеттерін бағалау нәтижелері берілген. AL04 негізгі параметрлері: блок ұзындығы – 128 бит; кілт ұзындығы – 128 бит; раундтардың саны – 8. Жұмыс барысында әртүрлі криптоталдау әдістерін пайдалана отырып құрылған шифрлау алгоритмінің қауіпсіздігін бағалау нәтижелері алынды. Атап айтқанда, әзірленген шифрлау алгоритмі сызықтық және дифференциалды криптоанализге төзімділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ететіні көрсетілді. Сонымен қатар, толық алгоритмнің сызықтық криптоталдауы жүргізілді және AL04 шифрлау алгоритмі криптоталдаудың осы түріне қарсы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсетті. AL04 шифрлау алгоритміне алгебралық криптоталдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін сараптай келе, ұсынылған алгоритм қажетті криптографиялық қасиеттерді көрсететіні анықталды.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2024 · Т. 134, № 5, С. 292-304
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport