Central AsianResearch Index

ҮШ МӘНДІ ПОЙЫЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ИНТЕРВАЛДЫ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПОЙЫЗ АРАЛЫҚ ИНТЕРВАЛЫНЫҢ БЛОК-ТЕЛІМ ҰЗЫНДЫҒЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІН АНЫҚТАУ

Бұл мақалада пойыздар қозғалысын үш мәнді интервалды реттеу жүйесінде бір бағытта қозғалатын пойыз құрамдарының арасындағы арақашықтықтың есептелуі келтірілген. Үш мәнді автоблокировкада пойыз құрамының блок-телімді шектейтін бағдаршамдардағы әртүрлі түстерге қозғалыс қарқыны ескеріліп, пойыз аралық арақашықтықты есептеудің негізгі формулалары нақтыланды. Аралықтағы блок-учаскелердің әртүрлі ұзындықтарына байланысты және пойыз құрамының жылдамдығы өскен сайынғы пойыз аралық арақашықтықтың болжамды есептеулері келтірілді. Есептеу қорытындысының нәтижесінде аралықтағы блок-учаскелердің әртүрлі ұзындықтарын ескергенде пойыз құрамы жылдамдығының пойыз аралық арақашықтығына тәуелділік диаграммасы құрылды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 134, № 5, С. 188-194
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport