Central AsianResearch Index

MATLAB ОРТАСЫНДАҒЫ ЕҢ КІШІ КВАДРАТТАР ӘДІС АРҚЫЛЫ АҚ-ЖТ ТҰЙЫҚ ЖҮЙЕСІ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ СИНТЕЗІ

Бұл мақалада «MatLab» қолданбалы пакетінде орындалған «жиілік түрлендіргіш - асинхронды қозғалтқыш» ашық жүйенің басқару жүйесінің параметрлерін синтездеу моделі келтірілген. Модельдің дұрыстығын растайтын модельдеу нәтижелері көрсетілген. Зерттеудің мақсаты – жүйені жобалау процесінде ең кіші квадраттар әдісін қолдана отырып, басқару жүйесінің параметрлерін синтездеу жүргізілген. Дифференциалдық теңдеулерді есептеу үшін арнайы функционалды бағдарлама жазылған.Асинхронды қозғалтқыштың жылдамдығымен моменттің өзгеру процесін сипаттайтын модель параметрлерін бағалау алгоритмі қарастырылады. Алгоритмді құру логикасын біле отырып, оны өзгерген шарттар бойынша өзгертуге және қажетті нәтижелерді (модель параметрлерін бағалау) қалай алуға болатындығы көрсетілген.Берілген құрылымды жүйенің параметрлерін синтездеу және берілген сапа көрсеткіштері бойынша жүйенің түзету құрылғыларын синтездеу, техникалық талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін автоматты басқару жүйелерін инженерлік мәселе ретінде қарастырылады, сондай-ақ автоматты басқару жүйелерінің инженерлік синтезінде процестердің талап етілетін дәлдігі және қолайлы сипаты - онда көптеген мүмкін шешімдердің ең жақсысы бар нақты шарттар тұрғысынан түпкілікті таңдалды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 132, № 3, С. 506-515
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport