Central AsianResearch Index

ЭЛЕКТР КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ДАМУ ҚАРҚЫНЫ

Мақалада қазіргі таңда әлемде іштен жану қозғалтқышты автомобильдерді ығыстырып келе жатқан электр көліктерінің жалпы құрылысы, оның ішінде электромотор, аккумулятор батареясы, инвертор, трансмиссия, жүріс бөлігі жайында және электромобильдің жұмыс істеу принципі жайында жалпы мәліметтер берілген. Сонымен бірге мақалада электр машиналарының рульдік басқаруы мен тежеу жүйесінің ерекшеліктері, яғни рукоперациялық тежелеу жүйесі туралы және электромобильдердің ІЖҚ көліктермен салыстырғандағы артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы баяндалған. Қазірдің өзінде электромобиль тек қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар интернетке шығатын мобильді құрылғы болып табылатынын айта келе, олар алдағы уақыттағы әлемдегі қарқынды өсуі мен дамуы, оның ішінде біздің еліміздегі өсу динамикасы мен перспективасы жайлы айтылған. Мақалада электр көліктерінің тарту батареяларының проблемалық мәселелеріне сараптама жасай келе, оны шешудің жолдары атап көрсетілген.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 131, № 2, С. 44-54
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport