Central AsianResearch Index

КҮН БАТАРЕЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ЭНЕРГИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН КЕШЕНДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕМЕСІН ӘЗІРЛЕУ

Электр энергиясы, қазба энергетикалық ресурстар құнының тұрақты өсуі және оларды пайдалану кезінде пайда болатын экологиялық мәселелер жаңартылатын энергия көздерін негізінен күн энергиясын пайдаланудың артуына әкеледі. Қазіргі уақытта күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру баламалы энергетиканың белсенді дамып келе жатқан бағыты болып табылады. Күн энергиясы жаңартылатын энергия көзі болып табылады және шексіз ресурстарға ие. Заманауи математикалық аппараттар мен математикалық бағдарламаларды қолдану күрделі жүйелердің жұмысын имитациялауға және болжауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс Simulink және Simpowersystems визуалды үлгілеу MatLab пакетіне кіретін электр жүйелерін үлгілеуді қарастырады. Мақаладағы ғылыми зерттеулердің ерекшелігі күн тақтайшасы мен жарықтандыру қондырғысы арасында түрлендіргіш қолданбау болып табылады. Күн тақтайшасының жұмысын басқаруы кең таралғанымен электр тізбегін басқару және бақылау қазіргі уақытта қарастырылмаған, бұл ғылыми зерттеудің ең басты ерекшелігі болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 128, № 5, С. 424-436
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport