Central AsianResearch Index

ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ БАНКТІК РЕТТЕУ ӘСЕРІ АРҚЫЛЫ

Қазіргі таңда банк секторының кез келген мемлекеттің қаржылық процестеріне айтарлықтай әсер ететіндігі айқын, осы себепті банктердің қызметін талдаудық рөлі артып келеді. Талдау нәтижесінде банктердің өздері үшін де, Ұлттық банк ұшін де қызығушылық тудырады. Несиелік ұйымдардың үлкен саны зерттеу және тәуекелдерді басқару бөлімдерін құрады, ал банктердің қызметін талдаудың басқа нюанстары мамандардың назарынан тыс қалады. Банк мекемелерінің қаржылық жағдайын жақсартудың кешенді тәсілі мен ойластырылған тактикасы, сондай-ақ икемді бақылау жүйесі қажет. 2021 жыл дағдарыстан кейін экономика мен қор нарығының қалпына келуімен және іскерлік белсенділіктің төмендеуінің жағымсыз салдарымен сипатталады. Мақалада Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қаржылық жағдайын анықтау және бағалау әдістемесі ашылған. Коммерциялық банктердің қаржылық талдауының негізгі әдістері қарастырылады. Талдау үшін қажетті негізгі көрсеткіштер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы банктерінің қаржылық талдауының нәтижелері көрсетілген.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 121, № 2, С. 638-647
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport