Central AsianResearch Index

МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ КҮЗЕТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОЙЫН ТЕОРИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

Мақалада ойын теориясы арнайы-тактикалық есептеулердің ядросы ретінде көрсетіліп, шекара күзетінің моделінің тиімділігінің сапасын бағалау үшін екі ойыншының антогонистік ойыны (шекара заставасының бастығы мен шекара бұзушы) қарастырылады. Өлшемі болатын төлем матрицалық ойын екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесіне келтірілетіні белгілі. Шекараның сенімді қорғалуын қамтамасыз ету – шекара әскерлерінің ең маңызды міндеті. Мемлекеттік Шекара мемлекеттік егемендіктің кеңістіктегі шегі. Шекара кез келген елге қажет және мемлекеттің жерінің тұтастығын, егемендікті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жауапты функцияларды орындайды. Шек - "кез-келген белгілі бір болмыстың басы немесе соңы; бір нәрсені басқадан бөліп тұратын аралық; аралас жанасу, бірігу және өзара кірігу орны".

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 120, № 1, С. 190-197
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport