МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕ ІЗДЕУ ЖЕДЕЛДЕТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Кез келген мәліметтер базасы әртүрлі сұратымдардан тұрады. Сұратымдардың қызметі пайдаланушыға мәліметтер базасынан белгілі бір ақпараттарды көрсету болып табылады, яғни олардың негізгі қызметі іздеу болып табылады. Сондықтан неғұрлым кесте көп болса, соғұрлым сұратымдарда көп болады. Ауқымды мәліметтер базасында сұратымдар саны көп болғандықтан, немесе олардың логикалық тұрғыда дұрыс құрылмағандықтан сұратымдар баяу жұмыс істейді, ал ондай сұратымдар бүкіл мәліметтер базасын баяу жұмыс істеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай жағдайды алдын-алу үшін сұратымдардың жылдамдығын жие-жие өлшеу қажет. Қазіргі заманғы компьютерлік өнеркәсіпте SQL тілі ең маңызды тенденция болып отыр. Соңғы жылдары SQL тілі мәліметтер базасының жалғыз тілі болды. Бүгінгі таңда SQL дербес компьютерлерде жұмыс істейтін МБ-ның жүзден астамын қолдайды. SQL тілі мәліметтер базасын басқару жүйелерінің архитектурасындағы маңызды буын болып табылады. SQL (Structured Query Language) – бұл құрылымдық сұраныстар тілінің қысқартылған атауы. Ол реляциялық мәліметтер базасында мәліметтерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі және SQL-ді реляциялық мәліметтер базасының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны деректер базасының стандартты тіліне айландырды. SQL тілі мәліметтер базасының реляциялық типімен ғана жұмыс істейді. Төменде SQL жұмысының сұлбасы бейнеленген. Есептегіш жүйеде маңызды ақпарат сақталған мәліметтер базасы болады. Егер есептегіш жүйе кәсіпорынның кадрлар бөліміне қатысты болса, онда деректер базасында кәсіпорында қызмет ететін адамдар жайлы ақпарат (аты-жөні, туған жылы, телефоны, қызметі және т.б.) сақталуы мүмкін. Мәліметтерді сұрау және нәтиже алу процесі мәліметтер базасында сұраныстар деп аталады, яғни сұраныстардың құрылымдық тілі.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2021 · Т. 117, № 2, С. 91-103
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport