INVESTIGATION OF THE EFFECT OF INOCULANT FOR FODDER CROPS ON THE CONTENT OF MICROORGANISMS IN THE SOIL
Мақалада Қызылорда облысының күріш ауыспалы егісінде мал азықтық дақылдардың астындағы топырақтағы бактериялардың құрамы зерттелген. Тәжірибелік дақылдар себер алдында биологиялық препаратпен өңделіп себілген. Инокулянт құрамындағы бактериялардың топырақ биотасына, дақылдың өсіп-өнуі мен өнімділігіне әсері осы мақалада берілген Жүргізілген биометриялық талдаулар бойынша бақылау нұсқасына қарағанда түптенутүтіктену кезеңінде биопрепаратпен өңделген судан шөбінің биіктігі 42,7 см, яғни 7,3 см-ге биік, могар (21,4) 5,1 см-ге биік, ал арпа (26,8) 3,2 см биік болды. Арпа дақылының өнімділігі инокулянт қолданған нұсқада 15,6 ц/га болды, бұл бақылаумен салыстырғанда 1,7 центнерге қосымша өнім болды. Судан шөбінінің бақылау нұсқасында өнімділігі 178,3 ц/га құрады. Бұл тәжірибелік нұсқамен салыстырғанда 13,2 центнерге төмен. Фосфаттасымалдаушы бактериялардың топыраққа әсерін анықтау мақсатында алынған топырақ үлгілері судан шөбі мен могар дақылдарының биопрепаратпен өңделген нұсқаларынан алынды. Фосфаттасымалдаушы микроорганизмдердің санын анықтау үшін егу және оларды оқшаулау NBRIP ортада жүргізілді. Алынған деректер могар топырағында микроорганизмдердің жалпы саны судан шөбі астындағы топыраққа қарағанда жоғары екенін көрсетеді, алайда, 1 г топыраққа шаққандағы КТБ топырақта қарашіріктің төмен екендігін және ондағы органикалық ыдырау процестерінің әлсіз екенін көрсетеді. Судан шөбі мен Могар топырағындағы микробтық колониялардың салыстырылуы нәтижесінде могар пластинасында микроорганизмдердің кең спектрі бар, өйткені Могар дақылында олардың өсуі үшін көбірек қоректік заттар бар. Сондай-ақ, Могар дақылының астында топырақта саңырауқұлақ колониялары азырақ.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 76, № 1, С. 46-56
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University
- Аффилиации
- «Kazakh Research Institute of Rice Growing named after I. Zhakhaev» LLP, Kyzylorda, Kazakhstan