PREDICTIVE CALCULATION OF GROUNDWATER CONTAMINATION CAUSED BY IRRIGATION WITH WASTEWATER
Суармалы егіншіліктің қарқынды дамуы жағдайында ағынды суларды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселесі қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздік, су ресурстарын тиімді басқару және топырақтың мелиоративтік жағдайын сақтау тұрғысынан өзекті ғылыми бағыттардың бірі болып табылады. Су тапшылығы артып келе жатқан өңірлерде, оның ішінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында, тазартылған ағынды суларды суару мақсатында тиімді қолдану мүмкіндігі су ресурстарын үнемдеудің баламалы жолы ретінде қарастырылады. Алайда ағынды сумен суару кезінде топырақ пен жер асты суларының гидрогеохимиялық режиміне әсер ететін бірқатар күрделі процестер пайда болады. Мақалада ағынды лас сулармен суарудың жер асты суларының гидрогеохимиялық құрамына әсері, инфильтрациялық процестер және топырақ қабатындағы химиялық элементтердің миграциясы жан-жақты зерттелген. Суару нормаларының әртүрлі көлемдерінде топырақтың сүзгілік қасиеттері бағаланып, ағынды сулардың негізгі компоненттерінің (азот, фосфор, кальций, магний, хлор, сульфаттар) ұсталу дәрежесі талданды. Зерттеу нәтижелері бойынша топырақтың 50–100 см қабаты ағынды судың химиялық қоспаларын 60–100% аралығында тиімді сіңіретіні анықталды. Суару нормасы 900–1100 м³/га болған жағдайда табиғи биофильтрация жоғары болып, жер асты суларының ластану қаупі төмендейтіні байқалды. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді суарудың жер асты суларының минералдануын арттыруы мүмкін екені дәлелденді. Мақалада жер асты суларының сапасын бақылау, гидрогеологиялық жағдайларды бағалау және ағынды суды ауыл шаруашылығында қауіпсіз пайдалану бойынша ғылыми ұсыныстар берілген
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 75, № 4, С. 159-171
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University