INFLUENCE OF AGRICULTURAL PRACTICES ON THE BRANCHING OF ANNUAL SEEDLINGS
Бүгінгі таңда қарқынды бақша отырғызу кезінде белгіленген параметрлері бар жеміс дақылдарының жоғары сапалы отырғызу материалына үлкен мән беріледі. Бұл зерттеудің мақсаты бұтақталған біржылдық алма ағашының көшеттерін өсіру технологиясын жетілдіру. Мұндай көшеттерді алу бірқатар агротехникалық шарттарды ескерген жағдайда мүмкін болады. Бұл мақалада механикалық әдістер мен химиялық заттардың біржылдық алма ағашының көшеттерінің бұтақтану және өсу процестеріне механикалық әдістер мен химиялық заттардың әртүрлі әсері көрсетілген. Барлық зерттелген агротехникалық әдістердің ішінде, жоғарғы жағын тұқыртып және үстіңгі 3-4 жапырақтарын алып тастай отырып, жапырақ арқылы берілетін Эпин және Энерген аквамен қоректендірген кезде, бүйірлік бұтақтардың максималды саны алынды. Өсу аймағына байланысты жекелеген сорттық телітуші комбинацияларының бірлескен механикалық әдістердің Эпин және Энерген аквамен қоректендірген кезде айырмашылықтар анықталды. MM106 телітушісіндегі «Восход» сортында вегетациялық кезеңнің оңтайлы жағдайында жоғарғы жағын тұқыртып және үстіңгі 3-4 жапырақтарын алып тастап, жапырақ арқылы берілетін Эпин және Энерген аквамен екі рет қоректендіру, бүйірлік өркен санының айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Барлық сорттық телітуші комбинацияларында агротехникалық әдістерді қолдануға байланысты, талаптарға сәйкес келетін стандартты бұтақталған алма көшеттерінің өнімділігі 93-95% құрады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 75, № 4, С. 139-148
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University