EVALUATION OF THE BIOLOGICAL EFFICACY OF THE FUNGUS BEAUVERIA BASSIANA (BALS.) VUILL. AGAINST THE TURKESTAN SPIDER MITE (TETRANYCHUS TURKESTANI) UNDER LABORATORY CONDITIONS
Түркістандық өрмекші кенесі (Tetranychus turkestani) – ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі зиян келтіретін және әлемдік деңгейде айтарлықтай экономикалық шығындарға себеп болатын қауіпті зиянкес. Бұл зерттеуде Оңтүстік Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан бөлініп алынған Beauveria bassiana (Bals.-Criv.) Vuill. энтомопатогенді саңырауқұлағының алты штамының T. turkestani-ге қарсы тиімділігі зерттелді. Штамдар Сабуро қоректік ортасында (SDA) өсіріліп, 1×10⁷ және 1×10⁸ спора/мл концентрацияларында конидия суспензиялары дайындалды. Суспензия құрамына беттік-белсенді зат ретінде 0,1% Tween 80 қосылды. Залалдаудан кейін, 5, 7 және 10-шы тәуліктерте кене өлімінің көрсеткіштері тіркеліп, штамдардың биологиялық белсенділік деңгейі бағаланды. Зерттеу нәтижелері зерттелген штамдардың патогенді белсенділігінде елеулі айырмашылықтар бар екенін көрсетті. BScar2-09, BL1(т)-09 және BCa3(m)-09 штамдары ең жоғары тиімділік көрсетіп, сынақтан өткен ең жоғары концентрация 80%-дан астам өрмекші кенелерінің өлімін туындатты. Экспозиция ұзақтығы мен өрмекші кенелерінің өлім деңгейі арасында оң корреляциялық байланыс анықталды Алынған деректер T. turkestani-ге қарсы биологиялық күресте B. bassiana штамдарын қолданудың болашағы бар екенін көрсетеді. Алайда бұл нәтижелерді практикада қолдану үшін бөлінген штамдарды далалық жағдайда қолдану шарттарын оңтайландыру және оларды өсімдіктерді интеграцияланған қорғау жүйелеріне енгізу бойынша қосымша зерттеулер қажет.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 75, № 4, С. 74-81
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University