NEW SPRING BARLEY VARIETY BATYRKHAN
2025 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сортсынағына жаңа жаздық арпаның Батырхан атты сорты тапсырылып, оған оң шаруашылық бағалау жөнінде хабарлама алынды, сонымен қатар селекциялық жетістікке патент алу үшін өтінім берілді. Сорт «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС мен «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК бірлескен селекциялық жұмысының нәтижесінде шығарылған. Батырхан сорты 58/83-77×2/07-4К будан комбинациясынан алынған, «түптену– түтіктену» кезеңі ұзартылғандығымен, жоғары дән толымдылығымен және 1000 дәннің массасымен ерекшеленеді, бұл көрсеткіштері сорттың жоғары және тұрақты өнімділігін қамтамасыз етеді. Сорт тозаңды және қатты қаракүйеге төзімді, фузариозды тамыр шірімесімен аз зақымдалады, сортаңдану, қуаңшылық және жығылып қалу жағдайларына бейімді. Қысқа вегетациялық кезең және бастапқы өсу қарқынының жоғары болуы күріштен кейінгі топырақтың табиғи ылғалын тиімді пайдалануға және Арал өңірінің күріш ауыспалы егістігіндегі далалық жұмыстарының жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Экономикалық есептеулер стандартпен салыстырғанда шарттытаза табыстың 35 000 теңге/га артатынын, ал суарудың қажет етілмеуі 6000 м³/га дейін су үнемдеуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Батырхан сорты жоғары өнімділігімен, экологиялық тұрақтылығымен және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан ол Қазақстандық Арал өңірінің құрғақ және сортаңданған жағдайларда өндіріске енгізуге перспективалы болып саналады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 75, № 4, С. 62-73
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University