DETERMINE THE NEEDS OF FARM ANIMALS FOR PASTURE FEED
Жайылымдық жерлер, негізінен, ғылыми негізделген нормативтері (жүктеме, 0айналым, өнімділік, шөпті пайдалану коэффициенті және т.б.) ескерілмей пайдаланылуда. Мұның салдары 27,1 млн. га аумақтағы жайылымдардың (тозудың соңғы кезеңі) тозығы жетіп, жер азып кетті. Бұл жағдайды жайылымның пайдаланылатын аумақтың жемшөп қоры малдың қажеттілігіне сәйкес келген жағдайда ғана түзетуге болады. Бұл жайылымдардың нақты шығымдылығына, олардың ауданына, жайылымдағы малдың санына және жайылымдық азықтың қоректік құндылығына негізделген қарапайым есептеулерді қажет етеді. Есептеулер жемшөп өнімділігінің динамикасын ескере отырып, жайылымдарды пайдалану маусымы бойынша жүргізілді. Мақалада ұсынылған ережелер жайылымдарды тиімді пайдаланудың негізделген элементтері және оларды практикада қолдану, жайылымдардың тозу процестерін төмендетуге мүмкіндік береді, жайылым өнімділігінің әлеуетті параметрлерін қалпына келтіруге ықпал етеді. Бұл тозған аудандар ҚР Жер кодексінің 98-бабына сәйкес қалпына келтіру және жақсарту үшін басқа жер санатына ауыстырылуы керек. Кең ауқымды аумақтарда жайылымдардың әлеуетті өнімділігі екі есеге төмендеді. Экологиялық жағдай нашарлап жатыр, себебі шаңды дауылдардың пайда болуы, құмдардың жылжуы және басқа да жағымсыз құбылыстар орын алуда. Жайылымдардағы жағымсыз үдерістерді тек Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай сақтап, осы құжаттың орындалуын қатаң бақылау арқылы ғана тоқтатуға болады. Мақаланың мазмұны «Береке С» ЖШС шаруашылығы мысалында мал түрлері бойынша азықтың қажеттілігін есептеуге арналған
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 74, № 3, С. 294-304
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University