GOAT FARMING IS A COMPETITIVE INDUSTRY
Мақалада әлемдік ешкі шаруашылығының қазіргі жағдайы, даму қарқыны, түрлі мемлекеттердегі осы түлік саны мен сала өнімдерін өндіру көлемі туралы мәліметтер келтірілген. Ешкі шаруашылығының елімізде әр кезеңдердегі дамуына қатысты мәліметтер, негізгі тұқымдар мен оларды шығару, жетілдіруде пайдаланылған генотиптердің өнімділік-биологиялық ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама берілген. Сыртқы және ішкі нарық талаптарына сай, жергілікті ешкілердің тұқымдық қасиеттерін түрлі өнімділік бағыттары бойынша жақсартудың әдістері айтылған. Өнімділік бағыттарына сай, ешкілердің негізгі селекциялық белгілерінің ұнамды мөлшердегі шектері және осы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін асылдандыру жұмыстарының тиімді жолдары көрсетілген. Алыс-жақын шетелдер ғалымдары еңбектерінің нәтижесі негізінде малдың өнімділік қасиеттерін қарқынды жақсарту жұмыстарын заманауи әдістерді, оның ішінде толықгеномдық талдауды пайдаланып жүргізудің ғылыми-өндірістік мәні сөз болады. Авторлар өсімталдық, тезжетілгіштік қасиеттерімен бірге балалар мен қарт кісілер үшін аса бағалы диеталық сүт және сүт өнімдері, ет, әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие түбіт, басқа да өнімдер алуға мүмкіндік беретін ешкі шаруашылығының экономикалық-әлеуметтік маңызына тоқталады. Ешкі түлігінен алынатын өнімдерді, оның ішінде түбітті дайын өнімге дейін жеткізу мәселесінің өзектілігі және өңдеудің әрбір келесі кезеңі, бастапқы шикізатпен салыстырғанда, өнім құнын 1,5-2,0 есеге дейін арттыратыны жөнінде мәліметтер келтірген
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 74, № 3, С. 266-277
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University