THE INFLUENCE OF POLYMORPHIC GENES IDENTIFIED IN KALMYK CATTLE ON BODY SIZE AND LIVE WEIGHT GAIN
Мақалада қалмақ тұқымы малынан анықталған CRTC2 және ELOVL6 гендерінің дене өлшемдері мен тірі салмағының өсуіне әсері бойынша зерттеу нәтижелері баяндалған. Зерттеу объектісі ретінде қалмақ тұқымының 18 айлық қашарлары алынды. Біздің зерттеулерімізде CRTC2 және ELOVL6 гендерінің Қалмақ тұқымының ет сапасына әсері зерттелді, CRTC2 (NM_001076250.1) гені транскрипциялық реттеуші ген, ірі қараларда 3 хромосомаларда орналасқан болып, ағзада бұлшық ет аралық май жасушаларының қалыптасуын реттеуге қатысатыны байқалса, ELOVL6(NM_001102155.1) гені ағзада май қышқылының түзілуін реттеуші ген, ірі қараларда 6 хромосомаларда орналасқан, зерттеулер ELOVL6 гені механизмнің қашарлардың май жасушаларындағы май қышқылдарының алмасуына қатысып, ет сапасының жақсаруына әсерінен тигізетіндігін көрсетті. Зерттеу жұмысының нәтижесінде, SNP зерттеу әдісі бойынша тек зерттеудің екінші кезеңінде мақсатты екі геннің (CRTC2, ELOVL6) бірі ELOVL6 генінің тізбектерінен g133528A>G мутациялық орынын байқадық, осы мутация бойынша үш генотипі AG гетерозигота, AA гомозигота және GG гомозиготаларының Қалмақ тұқымы 18 айлық қашарларының фенотиптік көрсеткіштеріне байланысында, AG гетерозиготалы генотипі жануарлардың өсіп дамуында, яғни дене салмағының артуына, дене ұзындығына, бойының биіктігінің жетілуіне, кеуде бөлігінің кеңеюіне айтарлықтай әсер ететіндігін байқадық, бұл нәтиже осы AG генотипі бар қашарларды табында іріктеп алып селекцияда қолдануға болады дегенді білдіреді
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 74, № 3, С. 227-242
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University