GENETIC CHARACTERISTICS OF WINTER WHEAT VARIETIES FOR RESISTANCE TO RUST GENETIC CHARACTERISTICS OF WINTER WHEAT VARIETIES FOR RESISTANCE TO RUST SPECIES
Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы күздік бидайдың сабақ, сары және жапырақ таттарына төзімділігін зерттеу нәтижелері келтірілген. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Францияның және СИММИТтің сорттары мен селекциялық линияларындағы тат ауруларының дамуы 2022-2024 жылдары Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ (Алмалыбақ) далалық және зертханалық жағдайларында бағаланды. Сонымен қатар, жекелеген расаларға төзімділікті анықтау және молекулалық-генетикалық зерттеулер Бүкілресейлік өсімдік қорғау институтында (Санкт-Петербург) жүргізілді. 2022, әсіресе 2024 жылғы қолайлы ауа-райы күздік бидайдың төзімсіз сорттарында тат ауруларының күшті дамуына ықпал етті. Далалық тәжірибелерінің нәтижесінде сыналған сорттар мен линиялардың 30% сабақ татына, 12% сары татқа және 49% жапырақ татына төзімді болды. Жекелеген расаларға төзімділікті одан әрі зерттеу барысында тат түрлеріне ересек және өскіндік төзімділікті көрсететін жекелеген сорттар мен линиялар анықталды. Молекулалық талдау тат ауруларына төзімді генотиптерде Sr31, Sr57, Yr9, Yr18, Lr1, Lr3, Lr26, Lr34 гендері және 1AL.1RS транслокациясын бар екенін анықтауға мүмкіндік берді. Тат ауруларының табиғи популяциясына және жекелеген расаларына төзімді, сонда-ақ бірнеше төзімділік гендері бар Ахмат, Безостая 100 (Ресей), Әділет, КИЗ 90 сорттары және 18410-1, 21730-1, 22353К, 22372К (Қазақстан) селекциялық линиялары ең құнды болып табылады. Бұл жұмыс күздік бидайдың тат ауруларына төзімділігінің генетикалық табиғаты туралы құнды ақпарат береді және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайта отырып, осы ауруларға төтеп бере алатын бидайдың жаңа сорттарын шығаруға ықпал етеді
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 74, № 3, С. 183-194
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University