Central AsianResearch Index

DETERMINATION OF SEED SOWING QUALITIES OF HALOPHYTIC SHRUBS AND SUBSHRUBS

ГАЛОФИТТІ БҰТАЛАР МЕН ЖАРТЫЛАЙ БҰТА ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ СЕБУ САПАСЫН АНЫҚТАУ

Аралқұм шөлі қазіргі уақытта әлемдегі ең жас шөл болып табылады, оның жасы шамамен 60 жыл. Арал теңізінің кебуі 1960 жылдармен байланысты, дәл осы уақыттан бастап жаңа Аралқұм шөлі қалыптаса бастады. Оның атауы «Арал» және «құм» сөздерінің бірігуі арқылы пайда болған, бұл сөзбе-сөз «Аралдың құмы» дегенді білдіреді. Қазіргі таңда шөлдің аумағы шамамен 38 000 шаршы шақырымды құрайды және бұл көрсеткіш үнемі өсуде. Шөлде жиі кездесетін құбылыстардың бірі – тұз қалдықтарын алыс қашықтыққа таратып жіберетін құмды дауылдар. Мақалада галофитті бұталар мен жартылай бұталардың тұқымдарының себу сапасын анықтау нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижесінде 2024 жылы Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанында табиғи түрде өсіп жатқан әр түрлі галлофитті бұталардың тұқымдары жиналды. Тұқымдар жиналғанан кейін оның себу сапасы анықталды. Аталған тұқымдар 2024 жылдың күз айларында және 2025 жылдың көктем айларында Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанында сондай-ақ Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы" РМҚК оңтүстік батыс филиалының тұқымбағында себілді

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 74, № 3, С. 49-57
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University