Central AsianResearch Index

EFFECT OF VEGETATIVE AND INTERPHASE PERIOD DURATION ON THE YIELD OF SOYBEAN VARIETIES UNDER NORTHERN KAZAKHSTAN CONDITIONS

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА МАЙБҰРШАҚ СОРТТАРЫНЫҢ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФАЗААРАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ҰЗАҚТЫҒЫНЫҢ ӨНІМДІЛІККЕ ӘСЕРІ

Бұл мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайында өсірілген шығу тегі әртүрлі майбұршақ сорттарының вегетациялық және фазааралық кезеңдерінің ұзақтығы мен олардың өнімділігі арасындағы өзара байланыс зерттеледі. Зерттеу мақсаты – Солтүстік Қазақстан жағдайында шығу тегі әртүрлі майбұршақ сортүлгілерінің ерте пісіп-жетілуге негізгі даму фазаларының байланысы және вегетациялық кезеңнің өнімділікке әсерін зерттеу. Зерттеу 2023–2024 жылдары А.И. Бараев атындағы АШҒӨО тәжірибе алқаптарында жүргізілді. Зерттеуде майбұршақтың шығу тегі әртүрлі 98 сорты зерттеліп, олардың фенологиялық дамуы, өнімділігі және тұрақтылық көрсеткіштері (орташа мән, σ, CV) бағаланды. Сорттарды вегетациялық кезеңнің ұзақты-ғына қарай топтастыруға кластерлік талдау жүргізілді, нәтижесінде сорттар үш негізгі топқа бөлінді. Ерте пісетін сорттар қысқа вегетациялық кезең ішінде жоғары өнім көрсетуімен ерекшеленсе, кеш пісетіндерде өнімділік пен фазааралық кезең ұзақтығы арасында оң корреляция байқалды. Нәтижесінде аймақ жағдайына бейімделген, тұрақты әрі өнімді сорттар (Kendou 61, СК Дока, Чера 1-1) анықталды. Ауа райы жағдайларының өзгергіштігі зерттелген көрсеткіштерге айтарлықтай әсер ететіні дәлелденді. Зерттеу нәтижелері Солтүстік Қазақстанда майбұршақ селекциясы мен өндірісін жетілдіруге бағытталған ғылыми негіз болып табылады

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 74, № 3, С. 26-38
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University