Central AsianResearch Index

ASSESSMENT OF WATER QUALITY AND PREPARATION OF A SCIENTIFIC DEMONSTRATION SITE FOR IRRIGATION OF TREE STANDS AND FODDER CROPS WITH WASTEWATER USING THE EXAMPLE OF THE CITY OF KYZYLORDA

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА ТӨГІНДІ СУЛАРДЫ АҒАШ ЕКПЕЛЕРІ МЕН МАЛАЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫ СУАРУ ҮШІН ҒЫЛЫМИ-ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ АЛАҢДЫ ДАЙЫНДАУ МЕН СУ САПАСЫН БАҒАЛАУ

Аталмыш мақала, Қызылорда қаласы мысалында ағаш екпелері мен малазықтық дақылдарды төгінді сумен суарға арналған ғылыми-демонстрациялық алаңды дайындауға, жобалауға, сондай-ақ пайдаланған сулардың нақты көлемі мен сапасына арналған. Әлемдік тәжірибеде тазартылған шаруашылық-тұрмыстық төгінді суларды ауыл шаруашылығы саласында пайдалану тәжірибесі кеңінен қалыптасты. Дүниежүзілік FAO ұйымының мәліметінше: Египетте, Иорданияда, Мексикада, Испанияда, Сингапурда және көптеген дамыған озық мемлекеттерде төгінді суларды техникалық және ауылшаруашылығы бағыттарында пайдалану тәжірибесін кеңейту арқылы өсіп келе жатқан созылмалы су тапшылығымен күресу мүмкіншіліктерін іздестіруде. Ал Америка Құрама Штатының батыс бөлігінде төгінді суларды қауіпсіз утилизациялау, басқару және кәдеге жарату дәстүрлі тәжірибеге айналған. Еліміздегі ірі 90 қаланың тек 60-да тастанды төгінді суларды тазарту станциясы бар. Олардың тозу көрсеткіші 65 %-ды құрайды.Тек 21 тазарту станциясы халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандырады, ал 23 моно қалада тазарту станциясы мүлдем жоқ. Қазақстандағы қалалық төгінді суларды тиімді пайдаланудағы озық технология «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гі құрамындағы Шымкент тазалау станциясында. Станция замануи құрылғылармен жабдықталған және ТМД-да алғаш болып «Айдро»- жағымсыз иіс пен артық тұнбалардан арылатын өнімді қолдануда және станция аумағында 1000-гектардан астам аумаққа ағаш екпелері мен малазықтық дақылдары тазартылған төгінді сулар арқылы суарып жоспарлы өнім алуда. Сарапшылар жаһандық су тапшылығын ішінара жоюды төгінді сулар арқылы шешуге болатынын айтуда. Мақала Қызылорда қаласы мысалында ағаш екпелері мен малазықтық дақылдарды төгінді сулармен суару үшін жүргізілген қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нақты нәтижелері негізінде дайындалған

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 74, № 3-1, С. 93-105
Язык
Английский
Цитирований
1
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University