SELECTION AND CULTIVATION OF MELILOTUS CROPS IN CONDITIONS OF KYZYLORDA REGION TO IMPROVE THE YIELD OF CAMELINA APPLICATION OF TECHNOLOGY
Мақалада зерттеу жұмысы Қызылорда облысындағы күріш ауыспалы егістерінде түйежоңышқаны егу тәсілдерінің тиімділігін анықтауға бағытталған. Арал өңірінде жүргізілген далалық тәжірибе нәтижесінде түйежоңышқаның оңтайлы өсіру тәсілдері қарастырылған. Күріш ауыспалы егістігінде түйежоңышқаның жамылғысыз және жамылғы дақылдарымен (бидай, арпа) егілгендегі өнімі зерттелген. Батпақты-шалғынды топырақта күріш ауыспалы егістігінде тыңайтқыштарды қолдану түйежоңышқаның өнімін арттырды. Зерттеу барысында түйежоңышқаны бүркемесіз және бүркемелеп егу тәсілдерінің өнімділікке әсері анықталды. Түйежоңышқаны бүркемесіз егу агротехникасы, ал арам шөбі көп жерлерде дәнді-масақты дақылдар (бидай, арпа) бүркемелеп егу тиімді екені дәлелденді. Көпжылдық шөптердің ішінде түйежоңышқа үшін дақылдар таңдау бойынша деректер алынды. Дақылдардың өсуіне, жетілуіне және өніміне әсері көрсетілді. Агротехникалық тәсілдер арқылы түйежоңышқаның өсуін баяулататын және арттыратын базалық модель анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша, түйежоңышқа үшін арпа жабынының оң әсері байқалды. Арпа астында түйежоңышқаның өнімділігі бидай жабынына қарағанда жоғары болды. Сондай-ақ, тыңайтқыштардың, оның ішінде Р90 және көңді қопсыту енгізудің түйежоңышқаның өсуі мен қысқа төзімділігін арттырудағы тиімділігі қарастырылды. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері күріш ауыспалы егістерінде түйежоңышқаның өнімділігін арттыру үшін арпа жабыны мен органикалық-минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдаланудың маңыздылығын көрсетті. Бұл жұмыстың нәтижелері ауыл шаруашылығында мал азығы дақылдарын тиімді егу мен өсіру әдістерін жетілдіруге ықпал етеді. Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділігі жоғары екені анықталды. Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптердің өсіп-жетілуі мен өнім құрауы олардың пайдаланылған кешенді агротехникалық факторларға тікелей байланысты екендігі зерттеу қорытындысында көрсетілді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 74-1, № 3, С. 6-15
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University