RELEVANCE OF DEVELOPING A NEW METHOD FOR PRODUCING ENZYMATIC PEA PROTEIN HYDROLYSATE FOR SPORTS NUTRITION
Бұл зерттеу Қазақстанда аудандастырылған бұршақ сорттарынан (Pisum sativum L.) ақуыз гидролизаттарын алу әдісін оңтайландыру арқылы спорттық тамақтану негізі ретінде қолдану өзектілігін қарастырды. Алынған зерттеу нәтижелері бойынша бұршақ ақуызын ферментативті жолмен экстракциялаудың оңтайлы технологиялық режимдері әзірленді: бұршақ ұны мен судың арақатынасы (гидромодуль) - 25%; сулы экстракция уақыты - 24 сағат; қосылған пепсин ферментінің концентрациясы - 4,0%; пепсинмен ферментациялау уақыты - 24 сағат; қосылған панкреатин ферментінің концентрациясы - 4,0%; панкреатинмен ферментациялау уақыты - 5 сағатты құрады. Зертханалық жағдайда бұршақ ақуызының ферментативті гидролизаты және оның концентратының тәжірибелік партиясы әзірленіп, алынған ақуыз гидролизатына талдау жүргізілді. Бұл ретте бұршақ ақуызының ферментативті гидролизатындағы шикі ақуыздың мөлшері 7,18±0,03%, ал амин азотының мөлшері 4,76±0,02 мг/мл көрсетті, сейкесінше оның концентратында 8,92% және 5,38±0,02 мг/мл болды. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша алынған бұршақ ақуызы гидролизатының концентраты нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Алынған нәтижелер экологиялық тұрақты және тағамдық артықшылықтарға ие өсімдік негізіндегі спорттық тамақтану өнімін әзірлеуге негіз болып табылады. Бұршақ ақуызына негізделген спорттық қоспалар бұлшықеттердің қалпына келуіне және өсуіне ықпал ететін маңызды аминқышқылдарының, соның ішінде BCAA және аргининнің бай жиынтығын ұсынатын жануарлар өнімдеріне тұрақты және тиімді балама болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 73, № 2, С. 274-284
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University