SEROLOGICAL DIAGNOSIS OF DOURINE OF EQUIDS
Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қолданылатын әдістердің бірі КБР мен КҰБР. Жануарлардың қан сарысуында түзілген антиденелерді анықтауға бағытталған. Сол тексерулерді бағалай отырып жануарларға емдік тағы басқада шараларды қолданып, одан әрі асқынбауына мүмкіндік туады. Жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында қолданылатын тесттер жиынтығы иммундық кешенді анықтауға негізделген, сондықтан зертханалық зерттеулер болашақта көптеген жұқпалы аурулардың таралмауына септігін тигізеді. Иммундық кешенді анықтауға негізделген иммундік кешенді агрегациялау, конглютиндеуші кешенді байланыстыру реакциялары сияқты әдістерден басқа серологиялық тесттердің көпшілігі иммундық кешеннің құрамында бір фактордың (антиген, антидене, комплементтің нақты компоненттері, антиглобулиндік факторлар) бар-жоғын зерттеуге бағытталған. Жоғарыда аталған әдістерді ұсыну серологиялық реакциялардағы антиген мен антидененің өзара әрекеттесу процесін аяқтайтын қосымша факторлардың мәнін анықтауға байланысты мүмкін болды. Ветеринария саласындағы серологиялық балау әдістерін ұсыну және жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары осы уақытқа дейін нақты бір нозологиялық бірлікті балау үшін қажетті антиген немесе антиденені (диагностикалық қан сарысуы мен иммуноглобулиндерді) дайындау тәсілін іздестіруге бағытталып келген. Осыған байланысты біз КБР әдісі мен КҰБР әдісін салыстырмалы түрде Алматы қаласы, Алматы және Түркістан обылыстары шаруа қожалықтарынан жеткізілген жылқы қан сарысуына зерттеу жүргізіп, нәтижесінде алынған мәліметтер берілген.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 73, № 2, С. 265-273
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University