GROWTH, DEVELOPMENT CHARACTERISTICS, AND MEAT QUALITIES OF OFFSPRING OBTAINED FROM CROSSBREEDING OF DOWNY MOUNTAIN ALTAI AND KAZAKH COARSE-WOOL GOATS
Бұл зерттеуде қазақтың қылшық жүнді ешкілері мен түбітті таулы алтай тұқымы арасындағы будандастырудың төлдердің өсіп-даму қарқындылығы мен еттілік қасиеттеріне әсері зерттелді. Қазақстандағы ешкі шаруашылығының даму перспективалары табиғи-климаттық жағдайларға бейімделген жергілікті генотиптерді жетілдірумен және өнімділік көрсеткіштерін жақсарту арқылы анықталады. Зерттеу жұмыстары Павлодар облысында жүргізіліп, 10 бастан тұратын екі топ құрылды: біріншісіне таза қанды түбітті таулы алтай ешкілері (ТА), екіншісіне ½ будан төлдер (ТА × ҚҚЖ) енгізілді. Өсу динамикасын бағалау үшін тірілей салмақ, абсолюттік, салыстырмалы және тәуліктік өсім көрсеткіштері есептелді. Сонымен қатар, экстерьерлік ерекшеліктері мен ет өнімділігі зерттелді. Нәтижелер бойынша будан төлдердің таза қанды құрдастарымен салыстырғанда тірілей салмағы 5,0-6,3%-ға, тәуліктік өсімі 3,4-7,1%-ға жоғары екені анықталды. Будандардың кеуде кеңдігі, тереңдігі, жіліншік орамы және тұрқының қиғаш ұзындығы артық болып, морфологиялық дамуының жақсарғаны байқалды. Еттілік қасиеттерін бағалау нәтижелері будан серкелердің сою алдындағы салмағы мен ұша шығымы таза қанды тұқымдармен салыстырғанда тиісінше 5,0% және 6,3%-ға жоғары екенін көрсетті. Будандастыру нәтижесінде алынған төлдердің гетерозистік әсері айқын көрініс тауып, бұл әдістің өнімділік пен асылдандыру тиімділігін арттырудағы маңыздылығын дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері Қазақстанда ешкі шаруашылығын дамытуда селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 73, № 2, С. 198-207
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University