Central AsianResearch Index

PASTURE RESOURCES OF KAZAKHSTAN AND PROSPECTS FOR THE DEVELOPMENT OF SHEEP BREEDING IN THE MEAT SECTOR

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ЕТТІ БАҒЫТТАҒЫ ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ КЕЛЕШЕГІ

Мақалада еліміздің жер және жайылымдық қорлары, олардың, ерекшеліктері, сондай-ақ қой шаруашылығын қарқынды дамытуда осы баға жетпес байлықты, ғылыми негізде, пайдаланудың тиімді жолдары туралы мәліметтер берілген. Қазіргі таңдағы әлемдегі және қой шаруашылығы дамыған елдердегі саланың жай-күйіне, сондай-ақ оның етті бағытының даму деңгейіне талдау жасалынып, елімізде осы саланы дамыту үшін қажетті мәселелерге жеткілікті көңіл бөлудің маңыздылығы атап көрсетілген. Етті бағыттағы арнайы шетелдік қой тұқымдарына қысқаша сипаттама беріліп, ғылыми басылымдар мен отандық ғалымдардың ізденістерінің нәтижелеріне орай, елімізде қой шаруашылығының нарық сұранысына сай бағытын дамытудың жолдары көрсетілген. Жүргізілген зерттеулер мәліметтері бойынша шетелдік селекция етті бағыттағы арнайы қой тұқымдары қошқарларын отандық қой тұқымдарының тауарлы топтарындағы саулықтарға пайдалану нәтижелерін салыстыра талдау, ғылыми-өндірістік жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы отандық генотиптердің ет өнімділігі мен сапасын елеулі деңгейде арттыруға мүмкіндік беретіндігі дәлелденген. Бұдан еркек және ұрғашы қозылар салмақтарының, шығу тегіне байланысты, орташа тәуліктік салмақ өсімі туылғаннан 2,5 айға дейін, тиісінше, 323-369 және 306-344 г, ал таза тұқымды құйрықты қылшық жүнді тұстастарында 304 және 277 г болса, бұл көрсеткіштер туылғаннан 4 айға дейін, тиісінше, 274-300 және 261-276; 270 және 242 г-ға сәйкес келді. Бұдан қозылардың 2,5 және 4 айда таза тұқымды тұстастарынан салмақ көрсеткіштері бойынша басым болуы, сүт ему кезеңінде алғашқыларда гетерозис әсерінің байқалуымен түсіндіріледі.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 73, № 2, С. 177-188
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University