BIOLOGICAL AND ECONOMIC FEATURES OF THE BESKARAGAY HORSE TYPE
Мақалада 2022 жылы бекітілген қазақ жылқысының Бесқарағай зауыттық типі мен аталық іздерінің биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері баяндалған. Зерттеу нысаны Абай облысы Бесқарағай ауданындағы «ЕРНАЗАР» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіндегі қазақы жылқы тұқымының Бесқарағай зауыттық типі жылқылары болды. Бұл өнірде алғаш рет дәстүрлі күтіп бағу тәжірибесін сақтай отырып, жыл бойы үздіксіз жайылымда мал бағу арқылы өнімділігі жоғары, қазақ жылқысының тұқымішілік Бесқарағай зауыттық типін шығару мүкіндігінде жатыр. Жылқының бұл типі өзінің жоғары тірілей салмағымен әрі ет өнімділігімен ерекшеленеді, оған одан әрі шағылыстыру перспективасымен қажетті «Бесқарағай» генотипін қалыптастыру арқылы қол жеткізілді. Қазақ жылқыларынан құрылған Бесқарағай асыл тұқымды типі өнімді жылқылардың басқа топтарынан тірі салмағының жоғарылығымен және жақсы жетілген еттілік пішінімен, ал биелері жоғары сүттілігімен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижесінде қалыптасқан Бесқарағай зауыттық типтегі қазақы жылқыларының айғырларының орташа тірілей салмағы 551,8 кг, шоқтығының биіктігі 153,6 см, тұрқының қиғаш ұзындығы 159,4 см, кеуде орамы 189,7 см, жіліншік орамы 21,5 см, биелерінде – 513,3 кг, тиісінше 151,2 см, 157,4 см, 183,8 см және 20,3 см, Бесқарағай зауыттық типі үлгідегі қазақ жылқы тұқымының биелері 2024 жылғы бастапқы топтағы аналықтардан шоқтығының биіктігі бойынша 3,3 см-ге артық екені анықталды, тұрқының қиғаш ұзындығы 3,2 см, кеуде қуысы 4,8 см, тірі салмағы 43,6 кг. Айғырлардың шоқтық биіктігі 5,9 см-ге, тұрқының қиғаш ұзындығы - 5,6 см-ге, кеуде орамы - 7,3 см-ге, тірі салмағы - 53,4 кг-ға артық болғанын байқауға болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 73, № 2, С. 165-176
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University