RESISTANCE OF COMMON COCKLEBUR (XANTHIUM STRUMARIUM L.) TO INDIVIDUAL GROUPS OF HERBICIDES
Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттері, өсімдік қорғауда қолданылатын пестицидтердің тиімділігін анықтауға және кәдімгі ошағанның гербицидтер топтарына төзімділігін зерттеуге бағытталған. Арамшөптердің пестицидтерге төзімділігі – гербицидтердің уландыру әрекетіне, арамшөптердің биологиялық қасиеттерінің қарсыласу мүмкіндігі. Зиянды организмдердің пестицидтерге төзімділігі қазіргі кезде, жаҺандық сипат алуда және ол денсаулық қорғау, ауылшаруашылығы өндірісі, пестицидтер индустриясында және экологиялық мәселелерді қамтиды. Сондықтан, көптеген зиянды организмдердің пестицидтерге резистенттілігінің (төзімділігінің) дамуы – өсімдік қорғаудың химиялық әдістерінің негізгі бір мәселесіне айналды. Гербицидтерге төзімді арамшөптердің тез дамитын биотиптері әлемнің және еліміздің ауылшаруашылығы өндірісіне елеулі қауіп төндіруде. Сондықтан, арамшөптермен күресуде белгілі мақсатқа жету, ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптер арасындағы эко-эволюциялық қатынастарға негізделуі қажет. Бұндай жүйе арамшөптер популяциясының тұқыммен көбеюі үрдісін төмендетеді. Тұрақты және қайталама дала дақылдарында гербицидтердің әртүрлі топтарын қолдану сыналатын препараттарға арамшөптердің биотиптерінің тұрақты түрлерінің пайда болуына ықпал етеді, сонымен бірге гербицидтерді сынау жөніндегі көпжылдық тәжірибелер ауыспалы егіс жүйесінде ғылыми негізде пестицидтерді қолдану осы гербицид тобына тұрақты биотиптердің пайда болу мүмкіндігін төмендететінін көрсетті. Егістік тәжірибелер нәтижелерін тұжырымдай келсек, бір жылдық қос жарнақты арамшөп – кәдімгі ошағанның (Xanthium strumarium L.) Корсар, с.е.к. мен Балерина, с.э. гербицидтеріне резистенттік (төзімділік) деңгейі төмен, ал Гранстар Мега, с.д.ұ. препаратына орташа деп бағалауға болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 73, № 2, С. 144-153
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University