Central AsianResearch Index

MODIFICATION OF THE CTAB METHOD FOR DNA EXTRACTION FROM ENDOPHYTIC FUNGI

ЭНДОФИТТІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДАН ДНҚ БӨЛІП АЛУ ҮШІН CTAB ӘДІСІН МОДИФИКАЦИЯЛАУ

Эндофитті саңырауқұлақтардан ДНҚ бөліп алудың жаңа әдісі ұсынылды, ол цетилтриметиламмоний бромиді (СТАВ) қосылған қосымша тазарту сатысына негізделген. Бұл әдіспен бөлінген ДНҚ сапасы мен саны әртүрлі факторлардың әсерін, оның ішінде CTAB буферінің құрамы, температура және инкубация уақыты сияқты шарттарды ескере отырып салыстырмалы түрде бағаланды. Тәжірибелер нәтижесінде ең көп ДНҚ 80°С температурада және 30 минуттан 1 сағатқа дейінгі инкубация уақытында бөлінетіні анықталды. ITS1 маркер аймағына арналған ПТР осы шарттарда ең күшті сигнал көрсетті. Этил спиртінде және натрий ацетатында реципитациялау арқылы ДНҚ-ны қосымша тазарту оқшауланған ДНҚ мөлшерін азайтса да, ПТР сигналының қарқындылығын жақсартады. Өсімдіктердің өсуін ынталандыру және олардың биотикалық әрі абиотикалық стресстерге төзімділігін арттыру мақсатында эндофитті саңырауқұлақтарды қолдану әдістерін әзірлеу үшін осы саңырауқұлақтардың геномдық құрылымын түсіну өте маңызды. Геномдық зерттеулер мен эндофитті саңырауқұлақ түрлерін анықтау – қажетті қадамдар, және бұл үшін молекулалық биология әдістері белсенді түрде қолданылады. Осылайша, ұсынылған әдіс саңырауқұлақтар мен ашытқылардан ДНҚ бөліп алу үшін коммерциялық жинақтармен салыстырғанда тиімді әрі қолжетімді балама болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 73, № 2, С. 47-59
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University