Central AsianResearch Index

DETERMINATION OF THE OPTIMAL SOWING TIME AND RATE FOR THE SPRING BARLEY VARIETY TSELINNY GOLOZERNY

ЖАЗДЫҚ АРПА (ЦЕЛИННЫЙ ГОЛОЗЕРНЫЙ) СОРТЫНЫҢ ТИІМДІ СЕБУ МЕРЗІМІ МЕН МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

Мақалада оңтүстік карбонатты қара топырақ жағдайында жаздық арпаның Целинный голозерный сортының өнімділігіне себу мерзімі мен себу мөлшерінің әсері зерттелген. Арпа – Қазақстанда кеңінен өсірілетін маңызды дақыл, оның өнімділігі ауа-райы жағдайлары мен агротехникалық шараларға тәуелді. Зерттеу 2021-2022 жылдары жүргізіліп, әртүрлі себу мерзімдері (15 мамыр, 25 мамыр, 4 маусым) және себу мөлшерлері (2,0, 3,0 және 4,0 млн/га) қарастырылды. Зерттеу нәтижелері 25 мамырдағы себу мерзімі мен 3,0 млн/га себу мөлшерінің өнімділік пен сапа көрсеткіштерінің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз ететінін көрсетті. 4 маусымдағы кеш себу жоғары өнімділікке (23,6 ц/га) әкелгенімен, қысқа вегетациялық кезең өсімдіктің дамуын шектеді. Ең жоғары ақуыз мөлшері (18,75%) кеш себілген арпада тіркелді. Топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері, ылғал деңгейі және өсімдік фенологиясы зерттеліп, қолайлы агротехникалық әдістер ұсынылды. 2021-2022 жылдары топырақтың агрохимиялық құрамындағы өзгерістер өсімдіктердің қоректік заттармен қамтылуына тікелей әсер етті. Зерттеу нәтижелері қарашірінді мен азоттың төмендеуі органикалық заттардың минералдану үрдісінің жылдамдауына және топырақ құнарлылығының төмендеуіне ықпал еткенін көрсетті. Аталған өзгерістер өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіру қабілетін шектеп, агротехникалық шараларды оңтайландыру қажеттілігін айқындады. Қазақстанның оңтүстік корбантты қара топырақ жағдайында арпа өсіру технологиясын оңтайландыруға ықпал етеді. Зерттеу ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды, себебі ол арпа өндірісінің тиімділігін арттыруға және климаттық өзгерістерге бейімделуге көмектеседі.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 73, № 2, С. 26-35
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University