Central AsianResearch Index

STUDY OF THE AMINO ACID COMPLETENESS OF ENZYMATIC PEA PROTEIN HYDROLYSATE FOR SPORTS NUTRITION PRODUCT DEVELOPMENT

СПОРТТЫҚ ТАМАҚТАНУ ӨНІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МАҚСАТЫНДА БҰРШАҚ ФЕРМЕНТАТИВТІ АҚУЫЗ ГИДРОЛИЗАТЫНЫҢ АМИНҚЫШҚЫЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – бұршақ ұнынан алынған ақуыз гидролизатының аминқышқылдық толықтығын зерттеу және оның спорттық тамақтану өнімдерінің негізі ретінде әлеуетін бағалау болды. Мақалада өсімдік ақуызын спорттық тамақтануда қолданудың өзектілігі қарастырылып, сондай-ақ аминқышқылдардың толық сіңімділігі үшін ақуыздың ферментативті гидролизін қолданудың артықшылықтары туралы әдеби шолу ұсынылды. Ферментативті гидролиздің негізгі ерекшеліктері ретінде өсімдік ақуызының игерілуімен функционалдық құндылықтарының артуы және өндірістің экологиялық тұрақтылығының сақталуы қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде бұршақ гидролизатында тирозин (91.0 мг/л), лизин (25 мг/л) және аргинин (23 мг/л), сондай-ақ тармақталған тізбекті аминқышқылдардың (ВСАА) салыстырмалы жоғары мөлшері анықталды, бұл бұлшықет ақуызының синтезі және жаттығудан кейін бұлшық ет жұмысын реттеуші фактор ретінде бұршақ ақуызы гидролизатының тиімділігін растайды. Гидролизат аминқышқылдарының құрамы туралы мәліметтер келтіріліп, талдау капиллярлық электрофорез әдісімен жүргізілді. Нәтижелер өсімдік ақуыздарының жануарлар ақуыздарына толыққанды балама бола алатындығын жобалап, осыған байланысты спорттық тамақтану үшін өсімдік шикізатына негізделген ақуыз өнімдерінің ассортиментін кеңейту мүмкіндігін көрсетеді. Жұмыс өсімдік шикізатын қайта өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеуге бағытталған ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде орындалды.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 72, № 1, С. 341-351
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University