STUDY OF THE NUTRITIONAL VALUE AND SAFETY PARAMETERS OF REGIONALLY ADAPTED PEA VARIETIES TO ASSESS THEIR SUITABILITY FOR USE IN SPORTS NUTRITION
Бұл зерттеу жұмысында спорттық тамақтану өнімдерінің өсімдік шикізаты негізінде өндірілу өзектілігі айқындалып, әдебиеттерге талдау жасалынды. Қазақстан Республикасында аудандастырылған бұршақтың екі түрі – «Жасылай» және «Ақсары» іріктеліп, спорттық тамақтануға арналған ақуыз өнімдерінің жаңа рецептураларын одан әрі әзірлеуде пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың тағамдық құндылығы мен қауіпсіздігі зерттелінді. Кешенді зертханалық талдау екі сорттың да ақуызға бай екенін көрсетіп (сәйкесінше 22,36±0,08% және 23,61±0,006%), құрамында май мен көмірсулардың аз мөлшері анықталды. «Ақсары» сорты спортшылардың бұлшықет массасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын, ағзаның жүрек қызметіне пайдалы магний деңгейін (1121,07±1,36 мг/100г), антиоксиданттардың жоғары құрамын (0,30±0,0024 мг/г) көрсетті, сондай-ақ жалпы энергетикалық құндылығын (47,07±0,25 ккал) қоса алғанда, жақсы нәтижелерге ие болды. Бұл нәтижелер ферментативті гидролизат өндірісінде, ақуыз шикізаты және функционалды ингредиент ретінде «Ақсары» сортын спорттық тамақ өнімдерінің перспективалық негізі етеді. Сонымен қатар, осы мақалада келтірілген зерттеу нәтижелері спорттық тамақтану саласындағы инновациялық шешімдердің негізгі құрамдас бөлігі ретінде таңдалған бұршақ ақуызының экологиялық тұрақтылығын, биоактивтілігін және қауіпсіздігін көрсетеді. Бұған қоса, жергілікті өнім ретінде бұршақ өзіндік құны төмен және қолжетімді шикізат болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 72, № 1, С. 317-330
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University