Central AsianResearch Index

WAYS TO INCREASE GOAT MEAT PRODUCTIVITY

ЕШКІ ЕТІНІҢ ӨНІМДІЛІГІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстанда ешкі шаруашылығы аз дамыған мал шаруашылығының саласы болып табылады. Ешкі өсірумен негізінен ірі емес, орта, ұсақ шаруашылықтар мен асыл тұқымды мәртебесі жоқ жеке шаруашылықтар айналысады. Соның салдарынан нарықта асыл тұқымды мал тапшылығы өткір сезілуде. Ешкі етін өсіру мен тұтыну өзінің маңыздылығына қарамастан төмен екенін байқауға болады, бірақ бұл сектор жыл сайын өсіп келе жатқан дүние жүзіндегіхалықты азық түлікпен қамтамасыз ету үшін орасан зор әлеуетке ие. Өсіп келе жатқан тұтынушылық сұраныс, жаһандық халық сұранысы және азық-түлік өндірісін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығының тұрақты жүйелерін дамыта отырып, азық-түліктпен қамтамасыз етуді айтарлықтай жақсартады. Бұл мақалада ешкі мал басының қазіргі жағдайы және олардың өнімділігі туралы ақпарат берілген. Яғни, ешкі етінің өнімділігін жақсарту жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, асыл тұқымды мақсаттар мен етті генетикалық жақсарту бағдарламалары талқыланып, ешкі өсіру бойынша беделді жобалардың мысалдары келтірілген. Ет, сүт, жүн өндірісін жақсарту үшін асылдандыруды қатаң түрде жүргізу керек. Ешкі шаруашылығында текті ешкілерді жақсартатын тұқымдармен шағылыстыруға болады. Ешкілерді ұстаудың пайдасы мен олардың көбею жолдары және етінің болашақтағы тенденциялары талқыланады. Оларды әртараптандыратын және нарық үшін тартымды ету үшін бірнеше мүмкіндіктер бар.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 72, № 1, С. 296-307
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University