Central AsianResearch Index

IMPROVEMENT OF PHENOTYPIC ASSESSMENT IN THE BREEDING OF GREY KARAKUL SHEEP

КӨК ТҮСТІ ҚАРАКӨЛ ҚОЙЛАРЫ СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ФЕНОТИПТІК БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Мақалада түстердің қанықтылығын жақсарту үшін көк түсті асыл тұқымды қаракөл қойларын фенотиптік бағалау сипаттамасы мен іріктеу әдістері келтірілген. Көк түсті көгілдір реңді қаракөл қозыларының туылған кезде жүн пигментация мөлшері және бір айлық кезінде жүн депигментациясының дәрежесі бойынша зерттелді. Іріктеп алынған көк түсті қозыларды туылған кезде жүн талшығында пигментация мөлшері 5,5-7,6% аралығында болды. Көк түсті көгілдір реңді қаракөл қозыларының жүн талшығындағы меланин мөлшері бойынша эксперимент деректері үш топқа жіктелді: төмен -6,0% дейін; орта -6,0–7,0% және жоғары -7,0%. Көк түсті қозылардың пигментация мөлшері бойынша орналасуы: бірінші топта пигментация мөлшері (ПМ) төмен <6,0) – 44,0% (33 бас), екінші топта (ПМ =6,0-7,0) – 24,0%, үшінші топта (ПМ >7,0) – 32,0%. Бір айлық көк түсті қозылардың пигментация мөлшерінің жоғары дәрежеде сақталуы (>80 %): бірінші топ қозыларында кездескен жоқ, екінші топ қозыларында 15,1%, үшінші топта – 58,3% құрады. Мұнда көк түсті қозылардың жасына қарай пигментация мөлшерінің жоғары дәрежеде сақталуы, оның туылған кездегі мөлшерімен тығыз байланысты Көк түсті қаракөл қошқарларын сынау нәтижесі - меланиннің жоғары мөлшері үшінші топтағы(ПМС>80 %) қошқарлардың ұрпақтарында-76,3% көрсетті. Бұл көрсеткіштің төмен мөлшері бірінші топтың (ПМС (<30 %)ұрпақтарында – 51,4% құрады.Қозылардың қанық айқын түспен шығуының жоғары көрсеткіші - үшінші топта -39,47% тіркелді, ол екінші топтың (28,95%) және бірінші топтың (16,22%) (Р<0,05) көрсеткіштерінен асады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 72, № 1, С. 287-295
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University