Central AsianResearch Index

PECULIARITIES OF FORMATION OF YIELD OF SPRING WHEAT SAMPLES IN CONDITIONS OF WESTERN KAZAKHSTAN

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақала тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру контекстінде жаздық бидай сорттарын зерттеудің маңызды өзектілігіне арналған. Азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығының тұрақтылығы және климаттың өзгеруі өзекті мәселелерге айналып отырған кезеңде жаздық бидай сорттарын бейімдеу және жақсарту мүмкіндігі жаһандық күн тәртібінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бидай сорттарын зерттеу өнімділік пен қолайсыз жағдайларға төзімділікті арттыруға көмектесіп қана қоймай, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді. Жұмыста метеорологиялық факторлардың өнімділікке әсері сияқты маңызды аспектілерге назар аударылады. Мақалада тұрақты ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ТДМ-ын тиімдірек іске асыруға ықпал ететін халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға шақырады. Осылайша, жаздық бидай сорттарын зерттеу және оның өндірісін дамыту тек ауыл шаруашылығы саласына ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның тұрақты дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұл тақырыпты зерттеу және практикалық түсіну үшін өте маңызды етеді. Мақаланың мақсаты – Қазақстанның батыс бөлігінде ерте мерзімде пісетін, орташа мерзімде пісетін, орташа кеш мерзімде пісетін және кеш мерзімде пісетін жаздық жұмсақ бидайдың жаңа перспективті сорттарына әртүрлі метеорологиялдық жағдайларда өнімділігі және вегетациялық кезең ұзақтығы бойынша жан-жақты объективті баға беру. Егістік тәжірибелер мен зертханалық талдау жұмыстары 2022-2024 жылдары «Ақтөбе ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС жағдайында жүргізілді (2024 жылдың қараша айынан бастап – «Қазақ жылқышаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми зерттеу институты» ЖШС). Ақтөбе облысының әртүрлі астық өсіруші аймақтарында орналасқан метеорологиялық бекеттерінен алынған мағлұматтар бойынша қалыптасқан метеорологиялық жағдайларға талдау жасалды. Қалыптасқан өнімділікке сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша есептеулер мен талдаулар жүргізіліп, әрбір ауылшаруашылық жыл бойынша өнімділігі және басқа да құнды белгілері бойынша ерекшеленген сорт үлгілері анықталады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 72, № 1, С. 114-124
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University