Central AsianResearch Index

IRRIGATION REGIME OF RICE IN THE CONDITIONS OF THE KYZYLORDA REGION

ҚЫЗЫЛОРДА ЖАҒДАЙЫНДА КҮРІШ ДАҚЫЛЫНЫҢ СУАРУ РЕЖИМІ

Бұл зерттеулер Қарауылтөбе күріш ауыспалы егістігі тәжірибелік учаскесінде жүргізілді. Зерттеулердің негізгі мақсаты – күріштің өсуі мен дамуын оңтайландыру үшін топырақ пен судың қолайлы тұз және жылу режимдерін сақтауға мүмкіндік беретін тиімді суару әдісін анықтау болып табылады. Күріш дақылының тиімді суару режимін анықтау маңызды мәселе болып табылады, әсіресе су ресурстары шектеулі Қарауылтөбе аймағы сияқты жерлерде. Бұл мақалада Қызылорда облысы жағдайында күріш дақылының суару режиміне арналған инновациялық технологияларды зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері күріш дақылын өсіруде суды 20%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ өнімділікті 1,5 есеге арттыратынын көрсетті. Алынған нәтижелердің экологиялық және экономикалық тиімділігі талқыланып, оларды ауыл шаруашылығы тәжірибесіне енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Күріш атыздарын суару режимін оңтайландыру үшін үш түрлі нұсқа зерттелді. Суару жүйелерінің тиімділігі көбінесе жердің мелиоративтік жағдайына байланысты, ал бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы дақылдарының суару режиміне тәуелді. Осыған орай, күріш суару жүйелерінің дұрыс және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үлкен маңызға ие. Соңғы жылдары Қызылорда облысында ғана емес, барлық елде су тапшылығының әсері айқын сезілуде. Сондай-ақ, суару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициентінің төмендеуі де егін шаруашылығына кері әсерін тигізуде. Бұл жағдай су шығынының көбеюіне, топырақтың сортаңдануына және дақыл өнімділігінің төмендеуіне әкелді. Осыған байланысты күріш дақылына арналған тиімді суару режимін анықтау қажеттілігі арта түсуде.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 72, № 1, С. 37-47
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University