STUDY OF THE INFLUENCE OF PHOSPHATE-MOBILIZING BACTERIA ON THE PRODUCTIVITY OF FORAGE CROPS, SOIL MICROORGANISMS AND PHOSPHORUS CONTENT
Мақалада Қызылорда облысының егіншілігін әртараптандыру мақсатында мал азығы дақылдарының өсіп-дамуын ынталандыру және өнімділігін арттыру үшін фосфатмобилизациялаушы бактериялардың (ФМБ) әсері зерттелген. Көптеген зерттеулерде дәлелденгендей ауыл шаруашылығы дақылдарының фосформен қоректенуін жақсартудың перспективті жолдарының бірі фосфаттарды биологиялық мобилизациялау болып табылатындықтан зерттеу жұмысында дақылдардың тұқымдарын себер алдында осы бактериялар негізіндегі биопрепаратпен өңделді. Тәжірибелік ұсақ-мөлдекті танаптардың топырағына жүргізілген талдау нәтижелері сульфатты және хлоридті-сульфатты орташа тұздану деңгейі болғандығына қарамастан зерттеу нәтижелері жақсы көрсеткіштерге ие болды. Могардың вегетациялық дамуының түптену кезеңінде биіктігі Мин.тыңайтқыш+ФМБ нұсқасында өсімдіктің биіктігі 22,8 см құрады, бұл бақылау нұсқасына қарағанда 4,7 см ұзын. Сәйкесінше, өнімділігі де осы нұсқаларда 136-136,5 ц/га құрады Осыған ұқсас көрсеткіштерді судан шөбі мен арпада нұсқаларынан да көруге болады, бақылау нұсқасына қарағанда судан шөбі (36,4) 9 см, ал арпа (33,4) 8см биік. Сабақ және, масақ сандары мен биіктігінде де Мин.тыңайтқыш+ФМБ нұсқаларының нәтижелерінде жоғары көрсеткіш байқалады. Арпа дақылының өнімділігі минералды тыңайтқышпен ФМБ-ны қатар қолданғанда 16,2 ц/га болды, бұл бақылаумен салыстырғанда 1,6 ц өнімге, ал ФМБ нұсқасында (16,1 ц/га) 1,5 центнерге қосымша өнім болды. Судан шөбінде бақылау нұсқасында өнімділігі 182,4 ц/га құрады. Бұл басқа нұсқалармен салыстырғанда 14,2-15,7 центнерге төмен. Бұл өсімдіктің фосформен қоректенуінің толық қанды қамтамасыз етілгендігін байқатады. Себебі, минералды тыңайтқыштарды өсімдік толығымен бойына сіңіре алмайды, ал ФМБ фосфорды тасымалдау арқылы дақылдың фосформен қоректенуін қарқынды қамтамасыз ете отырған. Бұл табиғатта ерімейтін фосфор қосылыстарын өсімдіктер сіңіретін формаға айналдыра алатын фосфатты мобилизациялайтын бактериялардың ғана болуына байланысты.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 72, № 1, С. 27-36
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University