Central AsianResearch Index

GROUNDWATER QUALITY INDEX OF THE PILOT SITE OF THE MODULAR BIOLOGICAL TREATMENT PLANT IN TASBOGET SETTLEMENT

ТАСБӨГЕТ КЕНТІНДЕГІ МОДУЛЬДІК БИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК УЧАСКЕСІНІҢ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ

Мақалада Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіндегі модульдік биологиялық тазарту станциясы аймағындағы жер асты суларының сапалық көрсеткіштері айтылады. Қазіргі уақытта әлем халқының алдында тұрған ең үлкен проблемалардың бірі – таза су мәселесі болып табылады. Су – адамзат үшін таптырмас ресурс және ол үнемі есепке алуды, үнемдеуді қажет етеді. Су ресурстарының жай-күйін сандық және сапалық тіркеу, бақылау әдістері мен құралдарын үнемі заманауи жетілдіру қажеттілігі су шаруашылығы мамандарының басты назарында. Бұл адамзат қоғамының дамуы су ресурстарының жағдайына тығыз байланысты болғандықтан, су ресурстары экономика мен халықтың әл-ауқатының өсуін анықтайды. Сондықтан ұтымды зерттеулер мен жер үсті және жер асты суларының ластануынан қорғау тек мемлекеттік емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары тұщы су ресурстары жаһандық жылыну салдарынан туындап отырған климаттың өзгеруінен ғана емес, сонымен қатар оларға антропогендік жүктемелердің артуы салдарынан айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ең алдымен, бұл әсер аумақтың урбанизациясынан, қалалар мен елді мекендердің өсуінен, адамның тұрмысынан және ауыл шаруашылығының үздіксіз химиялық қоспаларына тәуелділігінен туындайды. Антропогендік ластанудың іздері байқалатын жоғарғы горизонттардан жер үсті және жер асты суларының сапасы нашарлады. Сондықтан бұл жағдай табиғи су ресурстарын пайдалану кезінде күрделі инженерлік шешімдерді іздеуді қажет етеді.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 4, С. 365-375
Язык
Английский
Цитирований
2
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University